«Өңір» депутаттық тобы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өңір» депутаттық тобы құрылды

22.10.2021

Сенатта жаңартылған құрамдағы «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтті. Аталған топ аймақтарды дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге кіріскен. Зерделенген мәселелер жыл соңында өтетін парламенттік тыңдауға жіберіледі.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы өңірлерді дамытуға баса мән беріп отырғанын, соған байланысты депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын айтты. Депутаттық топтың отырысында өңірлік дамуға қатысты бірқатар өзекті мәселе көтерілді.

Ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамту мен инфрақұрылымдық дамуына жағдай жасау мәселесі қаралған. Еңбек күші тапшы өңірлерге жұмысшыларды тарту сынды мәселелер де бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Депутаттық топ өзіне берілген өкілеттік аясында Президент тапсырмаларының іске асыру барысына бақылау жүргізе алатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ осы салада заңнамалық ұсыныстар әзірлеу мүмкіндігін де пайдаланасыздар деп ойлаймын.Депутаттық топ өзіне берілген өкілеттік аясында Президент тапсырмаларының іске асыру барысына бақылау жүргізе алатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ осы салада заңнамалық ұсыныстар әзірлеу мүмкіндігін де пайдаланасыздар деп ойлаймын.


Өңір Сенат

Хабарламаларға жазылу