Бразилия президенті адамзатқа қарсы қылмысқа барды деп айыпталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия президенті адамзатқа қарсы қылмысқа барды деп айыпталуы мүмкін

20.10.2021

Бразилия президентіне коронавирус пандемиясы кезінде вирусты бақылауға алмағаны үшін бірнеше айып тағылуы мүмкін. Бұл туралы сенат комиссиясының баяндамасында айтылған.

1200 беттік құжатта мемлекет басшысына ковид кезіндегі әрекеті үшін жаппай адам өлтірді деген айып тағу ұсынылып отыр. Бұған қоса, президент байырғы тұрғындарға вирусты бақылауға алуға жағдай жасамай, геноцидке барды деген де пункт бар.

Айта кетері - коронавирустан Бразилияда 600 мыңнан астам адамның өмірі қиылды. Әзірге бұл іске қатысты қылмыстық із қозғала ма, жоқ па - ол жағы белгісіз. Себебі аталған құжат жобасы Сенат комиссиясында дауысқа салынады. Болсонару болса, өзіне қатысты тергеуді сынға алып, оның саяси астары бар деп мәлімдеп отыр.

Арай Төлегенқызы


Бразилия коронавирус

Хабарламаларға жазылу