Қытай мен Үндістан арасындағы келіссөздер сәтсіз аяқталды
Үндістан мен Қытай арасындағы әскери шиеленісті жеңілдету жөніндегі келіссөздер бүгін сәтсіз аяқталды. Екі жақ армиясының тайталасы 17 айдан бері жалғасып келеді.
Делиге сенсек, ол Бейжіңге «конструктивтік ұсыныс» жасаған. Ал, қарсы жақ мұны қабылдамапты. Қытай болса, Үндістанды «негізсіз, реалистік емес ұстанымымен келіссөздерді қиындатты» деп айыптап отыр.
Тараптардың әскер қолбасшылары кездесуі даулы Ладах ауданының Моло қаласының қытайлық бөлігінде өтті.
Тибетпен шекаралас бұл аймаққа алып державалар ондаған мың жауынгері мен артиллериясын, танкілерін, соғыс ұшақтарын шоғырландырды. Ал, былтыр олар бір-бірімен қақтығысқанда, Үндістан 20, Қытай 4 сарбаз жоғалтыпты.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17