Дубайда EXPO-2020 бір жыл кешігіп ашылды
Дубайда EXPO-2020 көрмесі пандемия салдарынан бір жыл кешігіп ашылды. Ғажайып салтанатта от шашылып, музыка ойнап, тұрақты келешек үшін ғаламдық ынтымақ туралы үндеулер жасалды.
Өнер көрсеткен әртістер қатарында италиялық тенор Андреа Бочелли, британдық әнші Элли Гулдинг, қытайлық пианист Ланг Ланг, саудиялық күміс көмей Мохаммед Әбду бар.
Аймақтың іскерлік және туристік орталығы – Дубай шөл далада төрт шаршы шақырым аумақта салынған әлемдік жәрмеңкеге 25 миллион адам тартып, экономикасын көтеруден үмітті.
Мәдени, технологиялық, архитектуралық көрме «Ақылды табыстырып, болашақты жасау» деген ұранмен өтіп жатыр. Ал, осы «экспода» ашылған Қазақстан павильонына 1 миллиондай адам кіреді деген болжам бар.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17