Әлеуметтік-экономикалық реформалар бойынша талдамалы баяндама шықты
Реформа – іргелі істердің ұйытқысы болуы тиіс. Ол үшін қоғаммен бірлесе қадағалау және талқылау керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылған 2 жылда ұйым аясында 17 заң мен 80 -ге жуық нормативтік құқықтық акті қабылданды. Қазір 15-тен аса заң жобасы әзірлеу мен қарау сатысында. Яғни, кеңес диалог алаңынан саяси әрі әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру алаңына айналды. Енді сондағы бастамалардың нәтижелігі қандай? Міне, соны сараптау жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін бейбіт жиналыстар қалай жүзеге асқаны туралы талдамалы жинақ шыққан. Бұл жолы әлеуметтік-экономикалық өзерістер туралы аналитикалық басылым жарияланып отыр.
Ерлан Карин, ҚР Президентінің көмекшісі:
Біздің мақсатымыз бұл реформаларды әрі қарай жалғастыру. Ал, ол үшін бастамалар қалай іс жүзінде жүзеге асып жатыр, оларды жүзеге асыруда қандай да бір қиындықтар болса немесе керісінше жетілдіру керек пе осыны да әрі қарай бақылауға тиіспіз.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21