Теміртауда бұзақылардың бір жігітті аяусыз ұрған сәті видеоға түсіп қалды
Теміртауда бұзақылар көшеде кетіп бара жатқан адамға жабылып, оны өлімші етіп сабаған. Оқиға түнемелік металлургтер қаласының Тәуелсіздік даңғылы бойында болған. Он шақты жігіт бір адамды ортаға алып тепкілеп жатқан сәтті тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алған. Тіпті бірі қолындағы металлға ұқсас затпен аяусыз ұрған. Полиция әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында куәгерлердің бейнежазбасын көріп, соның негізінде төбелеске себепкер адамды ұстады. Ал жәбірленуші тірі, оның тарапынан ешқандай арыз түспеген. Қылмыстық іс қозғалды.
Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Жанжалға, бұзақылыққа себепші болған 16 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен осы бұзақылық әрекетке қатысқан басқа да тұлғаларды анықтау және оқиғаның мән-жайын білу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада скейт алаңы ашылды
22.05.2026, 17:30
Ең үздік киножобалар іріктеліп жатыр
22.05.2026, 17:27
Еуразия Ұлттық университетінің құрылғанына 30 жыл
22.05.2026, 17:25
ТМҰ саммитін өткізуге үлес қосқан қарапайым адамдарға құрмет көрсетілді
22.05.2026, 17:22
Астаналық мәдениет майталмандары марапатталды
22.05.2026, 17:20
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне пәтер сыйлады
22.05.2026, 17:17
Оралда «ЖайықTazaRiver» іс-шарасы ұйымдастырылды
22.05.2026, 17:15
Қостанай облысы мектептерінде «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндірілді
22.05.2026, 17:12