Данияр Асқарұлы, тілші:
Біз қазір «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының аумағында тұрмыз. Қазір ғана ерліктің үлгісін көрсетіп, апат кзінде мерт болған азаматтардың жақындарына мемлекеттік награда табысталды. Марқұм Саят Әлімбеков пен Ерлан Қырғызалиев жарылыс болған 28349 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Сондай-ақ, бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған Сергей Заикин төтенше жағдайлар қызметінде еңбек еткен. Ерлікпен қаза тапқан осы төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Әділет Әділбек, Әліби Кеңес, Ғафан Қуатбек және Жәнібек Тұрмановтың отбасыларына үшінші дәрежелі «Айбын» ордені табысталды.
Жарылыс кезінде 17 азамат ерлікпен қаза тапты. Қазір олардың отбасына мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілуде. Ал, із-түзсіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.