Ауған халқына гуманитарлық көмек жеткізілді
Гуманитарлық дағдарысты бастан кешіп жатқан ауған халқына халықаралық көмек жетті. Ұн, өсімдік майы, дәрі-дәрмек тиеген пәкістандық әскери ұшақ Кабулге қонды. Қытай да Ауғанстанның жаңа үкіметіне гуманитарлық жәрдем мен коронавирусқа қарсы күресте көмек ұсынып отыр. Жақын арада бұл елден азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіледі. БҰҰ-ның мәліметінше, Ауғанстанда миллиондаған тұрғын көмекке зәру. Тұрмысқа қажет тауарлар мен азық тапшы. Батыстың қолдауына сүйенген үкімет құлап, Талибан билікке келген соң ел миллиардтаған доллар халықаралық көмектен қағылды. Ал, тәліптер Ауғанстанды басып алғанда жарты миллиондай тұрғын ел ішінде босқынға айналған. Қуаңшылық та жағдайды ушықтырып отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21