Әлемде коронавирус инфекциясының тарауы бұрынғымен салыстырғанда баяулады. Дегенмен, бұл мәселе әлі де алаңдаушылық тудырып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Бүкіләлемдік органның дерегінше, апта сайын коронавирус 4,5 миллион адамнан анықталып, аптасына онымен байланысты өлім-жітім саны 68 мыңға жетіп отыр.
Ал, Куба 2-жастан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы жергілікті вакцина сала бастады. Зерттеу кезінде Соберана-2 екпесі бүлдіршіндердің иммун жүйесіне жақсы әсер ететіні дәлелденген. Бұған қоса, аралдық мемлекеттің ересек тұрғындарына да Кубада шығарылған Абдала атты вакцина салынып жатыр.
Айта кетсек, бұл елде туристік маусым қарашада басталады. Билік оған дейін елде коронавирустың тарауын тоқтатуды көздеп отыр. Соңғы мәліметтерге сай, Кубаның 11 миллионнан астам тұрғынының 50 пайызы ковидке қарсы жартылай, ал 3 жарым миллионы толықтай иммундалған.
Арай Төлегенқызы