Беларусь еліндегі оппозиция лидерлерінің бірі 11 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь еліндегі оппозиция лидерлерінің бірі 11 жылға сотталды

06.09.2021

Беларусь еліндегі оппозиция лидерлерінің бірі Мария Колесникова 11 жылға сотталды. Минск соты онымен бірге адвокат Максим Знакты 10 жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарған. Айта кетсек, Колесникова мен Знак - Беларусь оппозициясы үйлестіру кеңесінің мүшелері. Екеуі билікті басып алу үшін астыртын келіссөз жүргізді, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін әрекеттерге үндеді деп айыпталған. Сот оларды мұнан бөлек экстермизмге бару ісі бойынша да кінәлі деп тапты. Дегенмен, сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындамады. Осы іс бойынша фигуранттардың қатарында ел президенттігіне үміткер болған Светлана Тихановская да бар. Ол қазір шетелде жүр. Кеңес мүшелеріне қатысты қылмыстық іс 2020 жылы елде өткен жаппай наразылық акцияларынан кейінгі қозғалды. Еске салайық, бұл ұйымды Беларусь прокуратурасы ел конституциясына сай емес деп таныған болатын. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу