Маңғыстау облысы тұрғындарының тек 38 % екпе алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысы тұрғындарының тек 38 % екпе алған

27.08.2021

Маңғыстау облысы тұрғындарының тек 38% екпе алған. Өңірде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер мен медицина мамандары белсенді болса, бизнес өкілдері вакцина салдыруда ең төменгі орынға жайғасты. Сауда-саттық саласы - 11%, тамақ өнеркәсібі қызметкерлерінің -11% ғана екпе алған. Осы орайда өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Олардың ішінде ұжымды вакцина салдыруға үгіттеуге көмек сұрағандар да болды.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі: 
Маңғыстаулық бизнес өкілдері жұмысшыларына насихат жүргізуге дайынбыз. 

«Ashyq» қосымшасына қосылған бизнеске бірқатар жеңілдік бар екені де түсіндірілді. Мұндай нысандар барлық күндері, сенбі, жексенбіні қоса есептегенде түнгі 12-ге дейін жұмыс істей алады. «Ashyq» лидерлеріне түнгі 2-ге дейін жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік бар. Ортақ талап- барлық қызметкерлер екпе салдырған болуы шарт.


Хабарламаларға жазылу