Калифорния штатының солтүстігінде өрт кезінде 42 мыңнан астам адам эвакуацияланды
АҚШ-тың Калифорния штатының солтүстігінде 9 алапат орман өрті лаулап жатыр. "Калдор" жалыны 430 шаршы шақырым аумақты күлге айналдырған. Осыған орай штаттың 42 мыңнан астам тұрғынына қауіпсіз жерге қоныс аударуға тура келді. Әзірге өрттің небәрі 5 пайызы сөндірілген. Бұған қоса, штатта үш айдан астам уақыт бойы "Дикси" өрті сөнбей жатыр. 2,9 мың шаршы шақырым аумақты жалмаған жалынның 40 пайызы бақылауға алынды.
Ральф Терразас, Лос-Анджелес өртпен күрес департаментінің басшысы:Солтүстік Калифорнияда бірнеше өрт ошағы тіркелген. Жасыл желектің жанып жатқанына күн сайын куә болып отырмыз. Биылғы өрт былтырғымен салыстырғанда ауқымдырақ.
Ал, Бразилияның Сан-Паулу штатында мемлекеттік саябақ жанып жатыр. Бұл оттың тұтануына қорыққа ыстық әуе шарының құлауы себеп болған. Бұған қоса, өрттің жылдам тарауына құрғақшылық пен аптап ыстық ықпал етті. 1200 гектар аумақ күлге айналған. Өртті сөндіруге тікұшақтар мен арнайы техника тартылды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21