Меркель Ресейге санкция жариялайтынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меркель Ресейге санкция жариялайтынын ескертті

23.08.2021

Ресей газды геосаяси қару ретінде қолданбауға тиіс. Ал, егер Мәскеу Солтүстік ағын-2 құбырын Киевке қарсы пайдаланатын болса, оған қарсы санкция жарияланады. Германия канцлері Ангела Меркель Украинаға сапары барысында Ресейге осындай ескерту жасады. Бұған қоса, неміс үкіметінің басшысы Украина мен Ресей арасындағы транзиттік келісімнің күшін 2024 жылдан кейін де одан әрі ұзартуға шақырды.

Ресей президенті Владимир Путин болса, бұл құжаттың мерзімін созуға дайын екенін, алайда ол үшін бірқатар қосымша детальдар қажет екенін мәлімдеді. Айта кетсек, Киевке дейін Ангела Меркель Мәскеуде болды. Бұл - оның канцлер ретіндегі соңғы ресми сапары. Неміс үкіметін 2005 жылдан бері басқарып келген Меркель бір айдан соң қызметінен кетеді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу