Мексикада коронавирустан қаза тапқандар саны 250 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада коронавирустан қаза тапқандар саны 250 мыңнан асты

20.08.2021

Мексикада пандемия басталғалы коронавирустан 250 мыңдай адам ажал құшты. Індет жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 29 мың адамға жетіп отыр. Бір тәулікте ковидтен 940 адам көз жұмды. Ауруханаларда науқастарды қабылдайтын орын тапшы, оттегі де жетіспей жатыр. Елдің денсаулық сақтау саласы өкілдерінің сөзінше, коронавирусқа шалдыққандардың нақты саны ресми мәліметтегіден 60 пайыз көп болуы мүмкін. Бұған ауруды анықтау тестілерінің баяу жүргізілуі себепші

.Ал, Австралияда коронавирусқа орай енгізілген локдаун мерзімі қыркүйектің соңына дейін ұзартылды. Бұған қоса, Дельта штамы көп тараған аудандарда коменданттық сағат жарияланған. Тұрғындар кешкі сағат 9-дан таңғы 5-ке дейін көшеге шықпауы тиіс. Барша жұрт маска тағып жүруге міндеттелді.

Жаңа Зеландия да локдаун мерзімін ұзартуға мәжбүр. Бұған ковид жұқтырғандар санының артуы себеп болды. Жарты жыл бойы пандемиядан аман тұрған елде тамыздың 17-де бір адамнан вирус анықталған еді. Бүгін түскен мәліметке сай, ковид диагнозы 11 адамға қойылған. Ел билігі локдаунды тағы бір аптаға созып, шектеу шаралары әлі де ұзартылуы мүмкін екенін ескертті. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу