Камчаткада МИ-8 тікұшағы құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Камчаткада МИ-8 тікұшағы құлады

12.08.2021

Ресейдің Камчаткасында бортында 16 жолаушы мінген Ми-8 туристік тікұшағы Куриль көліне құлап, 100 метр тереңдікке батып кетті. Жолаушылардың біреуі - бала, үшеуі - экипаж мүшесі. Апат кезінде 8 адам аман қалып, олардың бесеуі ауруханаға жеткізілген. Ал, қалған сегізінің тағдыры әзірге белгісіз.

Құтқарушылардың сөзінше, жоғалып кеткендердің тірі қалғанына сенім аз. Себебі, көл суының температурасы 6 градустан аспайды. Құтқарушылар оқиға орнына санаулы секундтарда жеткен екен. Олар 8-9 метр тереңдіктен өз бетімен шыққан 8 адамды құтқарып, бірнеше мәрте көл маңын тексерген. Алайда, өзге ешкім табылған жоқ.

Апатқа ұшыраған Ми-8 "Витяз-Аэро" компаниясына тиесілі. Кәсіпорын өкілдерінің сөзінше, тікұшақ 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен. Әуе көлігі 40 жылға жуық уақыт бойы қолданыста болған екен. Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу