Австралия астанасы Канберрада бүгіннен бастап бір аптаға локдаун жарияланды. Сондықтан, жергілікті халық ұсынсонар кезекте тұрып, дүкеннен қажетті заттарды көбірек алуға тырысып жатыр.
Шектеу шараларының қайта күшейтілуіне қалада бір жылдан астам уақыт ішінде жергілікті тұрғынның алғаш рет коронавирус жұқтыруы себепші. Оның бұл ауруға қалай шалдыққан қазір тексеріліп жатыр. Ал, көрші Виктория штатында 21 адамнан қауіпті инфекция табылғаннан кейін, аймақтың бас қаласы Мельбурнде 5 миллиондай адам екінші апта карантинге алынып отыр.
АҚШ-та Калифорния мұғалімдер мен өзге мектеп қызметкерлерінен вакцина алуды немесе ковидке қатысты тесттен өтуді талап ететін бірінші штатқа айналды.
Жергілікті білім беру басқармасының мұндай шешім қабылдауына соңғы жарты жылда коронавирустың «дельта» вариантының кең тарап, мыңдаған баланың ауруға шалдығуы және жаңа оқу жылында мектептерді қайта ашу қажеттігі себепші болып отыр.
Арыстан Рысбек