Пәкістанда ауаның ластануын азайту үшін 10 млрд ағаш отырғызылады
Пәкістанда экологияны жақсарту мақсатында 10 млрд түп ағаш егу жұмыстары басталды. Жасыл желекті көбейту арқылы ауадағы зиянды түтінді азайту көзделген. Мияваки орманы атты жасыл белдеу жапон ботанигі Акира Миявакидің техникасымен жүзеге асырылып жатыр.
Лахор қаласында осындай 53 аймақ бар. Бұл тәсілмен егілген ағаштар әдеттегіден 10 есе жылдам өседі. 165 мың түрлі өсімдік егілген алып орманның ашылу салтанатына ел премьер-министрі Имран Хан қатысты. Үкімет басшысы халықты Біріккен Ұлттар Ұйымы ғалымдарының климаттың өзгеруіне қатысты жариялаған баяндамасына құлақ асуға үндеді. 42 беттен тұратын құжатта атмосфераның, мұхиттардың, құрлықтың мөлшерден тыс жылынуына адамзаттың ықпалы зор екені айтылған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21