Ауғанстан: Үкімет армиясы тәліптерді бірнеше ауданнан ығыстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстан: Үкімет армиясы тәліптерді бірнеше ауданнан ығыстырды

19.07.2021

Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері соңғы тәулікте елдің солтүстігі мен орталығындағы бірнеше ауданды тәліптерден қайтарды. Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта «Саманган, Парван және Газни провинцияларындағы төрт аудан үкімет армиясының бақылауына өтті», - делінген. Соңғы төрт күнде Ауған әуе күштері 967 тәліптің көзін жойып, 500-дейін жаралаған. Қазір, елдің 34 провинциясының 20-сында үкімет күштері мен тәліптер арасында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр.

Ал, шілденің 18-де Катар астанасы Дохада Ауғанстан саясаткерлері мен «Талибан» қозғалысының өкілдері арасында екікүндік келіссөздер аяқталды. Тараптар бейбіт келіссөздерді жалғастыруға келіскенімен, оқ атуды тоқтату жайын талқылаған жоқ.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу