ДДСҰ: Коронавирусқа қарсы түрлі вакцинаны араластырып салмаған жөн
Коронавирусқа қарсы әр түрлі вакцинаны араластырып егу қауіпті. Бұған қоса, екпенің екі дозасын толық алғандар қосымша үшінші дозасын салдырмағаны жөн. Өйткені мұның денсаулыққа әсері толық тексерілмеген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшілері Швейцарияда өткен баспасөз-мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Олар ревакцинациядан өту немесе өтпеу мәселесін ғылыми дәйектерге сүйеніп шешу қажет дейді. Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесустың сөзінше, коронавирустан өлім-жітім қайта көбейген. Соңғы мәліметке сай, қауіпті Дельта штамы өте жылдам тарап, әлемнің 104 елін шарпыды. Әсіресе, вакциналау баяу жүріп жатқан елдерде эпид ахуал күрделі.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21