Олар Шымкенттегі ауруханаға жеткізілді. Дені снаряд жарықшақтарынан түрлі дене жарақатын алған. Дәрігерлер қазір науқастарға қажетті ем дом көрсетіп жатыр. Жалпы, Арыс қаласынан 45 мыңнан астам адам эвакуациялануы тиіс. Олардың көпшілігі үй жайларын тастап, төңіректегі төбелерді, жыра-қалтарыстарды паналап кеткен. Қыр басында көмек күтіп отырғандар көп. Арнайы жасақталған топ таңертеңнен бері қала тұрғындарын апат орындарынан шығарып үлгере алмай жатыр. Таңертең ең алғашқы лекпен балалар бақшасының тәрбиленушілері арнайы көлікпен Шымкент қаласына жөнелтілді. Олар орталық мешіт, орта мектеп ғимараттарына жайғастырылды. Көпшлік оларға су, тамақ апарып, қолдан келген көмегін беріп жатыр. Таңертеңнен бері қала төңірегін тұтастай әскерилер мен полиция күзетіп тұр. Ешкімді кіргізіп жатқан жоқ. Қару жарақ пен оқ-дәрі сақтайтын қоймада тұтанған өрттен жойқын жарылыстар әлі де жалғасуда. Арыста төтенше жағдай жарияланды.
Ғани ҚАЛМАХАН