Камчаткада ұшақ апатынан қаза тапқандардың мәйіттері теңізден табылып жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына байланысты ресейлік әріптесі Владимир Путинге көңіл айтып, жедел хат жолдады.
«Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқы мен өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазылған Мемлекет басшысының телеграммасында.
Ресей құтқарушылары Камчаткаға құлаған ұшақтың сынықтарын тапты. Олар ұшу-қону алаңынан 4-5 шақырым қашықтықтағы Палана елді мекенінің маңында жатыр. Ан-26 екінші рет қонуға әрекет жасағанда апатқа ұшыраса керек. Лайнердің бортындағы 28 адам түгел қаза таупы, олардың 19-ның денесі теңізден табылды.
Әуе машинасына иелік еткен компанияның мәлімдеуінше, ұшақ тау қыратына соғылып, қайғылы жағдайға душар болған.
Кеңес одағында жасалған мұндай ұшақтар кейбір елдерде әлі әскери және азаматтық авиацияда пайдаланылып жүр. Олар қолданысқа берілген 50 жылға жуық уақытта ондаған мәрте құлап, талай адам қаза тапты.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10