Камчаткада Ан-26 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Ресей құтқарушылары Камчаткаға құлаған ұшақтың сынықтарын тапты. Олар ұшу-қону алаңынан 4-5 шақырым қашықтықтағы Палана елді мекенінің маңында жатыр.
Ан-26 екінші рет қонуға әрекет жасағанда апатқа ұшыраса керек. Оның бортындағы 28 адамның барлығы қаза тапты.
Әуе машинасы тау қыратына соғылудан, пилоттың қателігінен, ауа-райының қолайсыздығынан, техникалық ақаудан қайғылы жағдайға душар болды деген болжам айтылып отыр.
Кеңес одағында жасалған мұндай ұшақтар кейбір елдерде әлі әскери және азаматтық авиацияда пайдаланылып жүр. Олар қолданысқа берілген 50 жылға жуық уақытта ондаған мәрте құлап, талай адам қаза тапты.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21