Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 30 млн-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 30 млн-нан асты

01.07.2021

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар 30 миллион 362 мыңнан асты. Солардың 46 мыңға жуығы өткен тәулікте анықталған. Ал, қайтыс болғандар 400 мыңға таяп қалды. Мұны елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеп отыр. Үндістан өткен аптада халықты вакциналауды жеделдетті. Қазір күніне 5-6 миллион адамға екпе салынып жатыр. Және де жергілікті үкімет жыл соңына дейін елді түгел иммундаудан үмітті.

Ал, халықаралық Қызыл Крест ұйымы Индонезияда пандемияның «апатты» жағдайға жақындап қалғанын ескертіп отыр. Сәрсенбі күні мұнда 22 мыңға жуық адамнан коронавирус табылып, 467-сі қайтыс болған. Халқының саны бойынша әлемде төртінші орында тұрған Индонезияда «ковидке» шалдыққан балалар саны 3 есе көбейді. Эпидемиялық жағдайды жеңілдету үшін жергілікті билік 270 миллион тұрғынның 181 миллионын 2022 жылдың наурызына дейін вакцинауды жоспарлап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу