Лукашенко Еуропа Одағына баратын мигранттарды тоқтатпайтынын ескертті
Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуропа одағына барамын деген мигранттар легін тоқтатпайтынын ескертті. Ол мұндай мәлімдемені Батыс елдері Минскке қарсы санкцияларды күшейткеннен кейін жасап отыр. Лушкашенко бұл шектеулерді Беларусь пен Батыс арасындағы «гибридтік соғыс» деп атап, Литва, Латвия мен Польшаға өткісі келетін босқындарға кедергі жасалмайтынын хабарлады. Оның айтуынша, одақ аумағына қазір Брест арқылы мыңдаған заңсыз мигрант енгісі келеді. Осыған дейін Литва үкіметі Лукашенконы екі ел арасындағы шекараны ашты деп айыптаған еді. Брюссель мен Минск қатынастары мамырда «Райанэйр» компаниясының ұшағы Беларусь жеріне қондырылып, оппозиционер журналист Роман Протасевич тұтқындалған соң шиеленсіп кетті.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21