Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
Елімізде мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин үкімет отырысында айтты. Түрлі салаларға жеке-жеке тоқталған ол көлік нарығындағы бәсекелестікті дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Айтуынша, жүк темір жол тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту маңызды. Ол үшін 4 кодекс пен 6 заңға түзетулер енгізу көзделген. Заң жобасы Үкіметте таныстырылды. Ол экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:Ұсынылған заң жобасы жаңа тәсілдерді іске асыруды қамтиды. Заң жобасы бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік және экономикалық кедергілерді жоюға бағытталған. Заң жобасында ұсынылған шараларды іске асыру таяу келешекте мемлекеттің ел экономикасындағы қатысу үлесін 14%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37