Ауғанстанда тәліптер сәуірден бері 30 ауданды басып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда тәліптер сәуірден бері 30 ауданды басып алды

21.06.2021

Ауғанстанда зорлық-зомбылық қайта күшейіп, «Талибан» қозғалысы сәуірден бері 30 ауданды басып алды. Сондықтан, президент Ашраф Ғани қорғаныс және ішкі істер министрлерін және армия қолбасшысын лауазымдарынан босатты. Олардың орнына жаңа адамдар тағайындалды.

Жұма күні Фариаб провинциясының бір округі үшін тәліптермен қақтығыста ауған арнайы күштерінің 24 сарбазы мерт болды.

АҚШ мұндағы әскерін мамырдың 1-де әкетуге кірісіп, базаларын жергілікті армияға тапсырып жатыр. Содан бері тәліптер шабуылдарды жиілете түскен. Қазір бұл исламшыл ұйыммен елдің 35 провинциясының 28-де соғыс жүріп жатыр. Атын атаудан бас тартқан қауіпсіздік күштері өкілдерінің сөзінше, шын мәнінде Ауғанстан әскері осынау жанжалда өте көп адам жоғалтып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу