Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 4 миллионнан асты
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар бүгін 4 миллионнан асты. Оның екі миллионы бір жылда, тағы 2 миллионы 166 күнде жан тәсілім еткен. «Ковидтен» адам жоғалту бойынша алғашқы бестікке АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей, Мексика кірді. Планетада коронавирустан қаза болғандардың 50 пайызы осы елдерде тіркеліпті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, бұл індеттен өлгендердің шын мәніндегі саны ресми статистикадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Ғаламдық пандемияны тоқтатуға вакцина тапшылығы да кедергі болып отыр. Сондықтан, «Үлкен жетілік» таяуда өткен саммитінде кедей елдерге 1 миллиард доза екпе бөлуге уәде етті. Айта кетсек, әлемде COVID-19-ға қарсы 100-ден астам вакцина жасалып, сынақтан өткізіліп жатыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21