Үкіметте экологияны жақсарту мәселелері қаралды
Елімізде электр көліктерін қуаттау стансалары артпақ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша бұл тоқпен жүретін темір тұлпарлардың көбеюіне жол ашады.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:Тиісті инфрақұрылымды құру мақсатында электр көліктерін зарядтау стансаларын дамыту бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 100-ден астам зарядтау стансалары жұмыс істейді. Биыл ұзындығы үш мың км қалааралық трассаларда 46 жаңа электр көліктерін зарядтау стансаларын орнату жоспарланған.
Бүгін Үкіметте экологияны жақсарту мәселелері қаралды. Сала министрінің айтуынша тіркелген 4 миллионға жуық жеңіл көліктің 64 пайызы ескірген. Сондай ақ екі жарым мыңнан астам заңсыз қоқыс алаңдарын жою қажет. Орман алқабын арттырудың 2021-25 жылдарға арналған жоспары бар. Әзірге 80 миллион ағаш отырғызылған. Аралдың маңайына да сексеуіл отырғызу көзделген. Сондай-ақ Үкіметте 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жоспары бекіді.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:Оны іске асыру нәтижесінде жазатайым оқиғалардың жиілігі коэффициентің азаюы, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар үлесінің азаюы күтіледі. +00:12 Әрбір жарақаттану жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігінде мұқият талданып, қорытындысы бойынша оларды барынша азайту үшін кешенді шаралар әзірленуі тиіс.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37