Өгей қыздарына жәбір көрсеткен әйел абақтыдан үй қамаққа ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өгей қыздарына жәбір көрсеткен әйел абақтыдан үй қамаққа ауысты

19.04.2019

Түркістан облысы Жетісай аудандық  соты өгей қыздарына жәбір көрсеткен әйелді  абақтыдан босатып, үй қамаққа алды. Ол енді екі ай бойына өз үйінде болады. Соттың мұндай шешім қабылдауына бірнеше себеп негіз болған.

Заң орындары оның екіге толмаған сәбиінің  барын және тұрғылықты баспанасы болғанын ескерді. Ал қатыгез анадан зәбір көрген үш қыз қазір Жетісайдағы орталық ауруханада ем алып жатыр. Жуық  арада оларды кімнің  қамқорлыққа алатыны белігілі болады.

Естеріңізге сала кетсек, 28 жастағы өгей шешенің үш қызға зәбір көрсеткені әлеуметтік желі арқылы көпшілікке мәлім болды. Қыздардың айтуынша,  денелеріне қысқыш, оқтау, инемен жарақат салып, азаптаған. Олардың үлкені 16-да, ортаншысы 14-те, ал кенжесі 12 жастан енді асқан.

Эльвира Тойымбетова, зәбір көрген қыздардың апасы:

Өгей шешесі әбден қорқытады ғой бұл қыздарды да. «Мені айтпаңдар, мен түрмеге қамалып кетсем де сендерге көрсетемін, мен сендерді бәрібір өлтіремін сендерді аналық құқықтарынан айырамын. Бала сүймейтіндей жағдайға апарамын», деп.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу