Швейцарияда халықтың жартысынан астамы көміртегін азайтуға қарсы дауыс берді
Швейцарияда өткен референдумда халықтың 51 пайызы улы газдың ауаға тарауын қысқартуға қарсы дауыс берді. Үкімет атмосфераның ластануын шектеу мақсатында жанармай мен авиабилетке салықты арттыруды ұсынған еді. Бірақ, табиғатқа қамқорлығын мақтан тұтатын швейцариялықтардың жартысынан астамы бұл идеяны мақұлдамады. Өйткені, олардың ойынша, жаңа заң ғаламдық пандемиядан әрең ес жиып келе жатқан экономикаға зиян тигізуі мүмкін.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, халықтың экологияны қорғауға бағытталған ережені қолдамауы климат жанашырларын қатты таң қалдырып отыр. Алайда, Альпі тауы баурайындағы ел тұрғындарының көбі табиғаттағы өзгерістерге адамдардың іс-әрекеті себепші деген аса сенбейді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Баскетболдан турнир басталды
30.07.2026, 13:23
«Заң түні»: Астанада тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
30.07.2026, 13:06
«Әділет» партиясының өкілдері театр ұжымымен кездесті
30.07.2026, 13:04
Отбасы құндылығы – Конституция қорғауында
30.07.2026, 13:01
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01