«Үлкен жетілік» кедей елдерге 1 млрд доза вакцина беруге келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үлкен жетілік» кедей елдерге 1 млрд доза вакцина беруге келісті

14.06.2021

«Үлкен жетілік» мемлекеттерінің лидерлері кедей елдерге 1 миллиард доза вакцина бөлуге уағдаласты. Мұндай шешім Англияның Корнуолл қаласында өткен саммитте қабылданды. Британия премьер-министрі Борис Джонсон «осылайша әлемді вакциналауға үлкен қадам» жасалып отырғанын жеткізді. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Италия, Германия мен Франция басшылары бұл іске қолдау танытты. Сонымен қатар, олар пандемиямен күрес, 2025 жылға дейін ауаға тарайтын улы газ мөлшерін азайту, көмірмен жұмыс істейтін жылу станцияларының көбін жою туралы коммюнике қабылдады. «Үлкен жетіліктің» басшылары Қытайды Шыңжаңдағы мұсылмандардың құқығын бұзды деп айыптап, Бейжіңнің әлемге ықпалымен бірлесіп күресуге келісті. Қытай мұнымен келіспейді. Батысты өзінің ішкі істеріне араласпауға шақырып, жала жабуды тоқтатуға үндеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу