Мүгедектігі бар балаларға 6 оңалту орталығы ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектігі бар балаларға 6 оңалту орталығы ашылмақ

11.06.2021

Мүгедек балалар үшін республика бойынша 6 оңалту орталығы ашылды. Жыл соңына дейін тағы осынша нысанды ашу жоспарланып отыр. Жалпы биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін бюджеттен 486 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Азаматтардың еңбек қауіпсіздігі бойынша да бірқатар шаралар атқарылған. Соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендер саны 10%-ға, қаза тапқандар - 16%-ға азайды. Дегенмен өндірісте жарақат алу мәселесі әлі де өзекті деді ведомство басшысы. Зиянды жұмыс орындарын азайту мақсатында жол картасы әзірленіп жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Еңбек» ұлттық жобасы бекітілді. 2021 жылы осы мемлекеттік бағдарлама арқылы - 700 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 41 мың жұмыс орны құрылмақ.

Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Әйелдерді әлеуметтік қорғауды арттыру мақсатында заңнамада келесі нормалар көзделген: бұл зейнетақы тағайындаған кезде баланы 3 жасқа дейін бағып-күткен кезеңі ата-аналардың еңбек өтіліне жазылатын болады.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу