Израиль оппозициясы Нетаньяхуды биліктен тайдырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль оппозициясы Нетаньяхуды биліктен тайдырмақ

03.06.2021

Израиль оппозициясы үкіметті 12 жыл басқарған Биньямин Нетаньяхуды биліктен тайдыруға жақын. Соңғы мәліметке қарағанда, сегіз партия бірігіп, коалициялық кабинет құруға келісті. Олар Нафтали Беннетті премьер-министр етіп тағайындамақ. Бұл үміткер - Иордан өзенінің батыс жағалауындағы еврей қоныстанушыларының мүддесін қорғайтын "Ямина" партиясының жетекшісі. 

Оппозиция ел парламенті – Кнессеттен 62 орын иеленеді. Ал, жаңа үкіметке сенім білдіру туралы дауыс беру процедурасы 10 күннің ішінде өтуге тиіс. Алайда, 71 жастағы Нетаньяхудың жақтастары кейбір депутаттарды өз жағына тартып, жаңа кабинеттің құрылуына кедергі жасауға тырысып жатыр. Егер бұл идея жүзеге аспайтын болса, қазіргі премьер коррупция үшін сотталуы мүмкін. Ал, Нетаняху көздегеніне жетіп, коалиция жасақталмайтын болса, Израильде соңғы үш жылда бесінші рет парламенттік сайлау өткізуге тура келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу