Жапонияда Олимпиада қарсаңында халықтың 70 пайызы вакциналанбауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда Олимпиада қарсаңында халықтың 70 пайызы вакциналанбауы мүмкін

02.06.2021

Токио Олимпиадасына екі айға жетпес уақыт қалса да, Жапонияда вакциналау науқаны өте баяу жүріп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, жергілікті халықтың 70 пайызға жуығы Жазғы Ойындарға дейін екпе алып үлгермеуі мүмкін. 

Токио мен адам көп шоғырланған префектураларда коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп, госпитальдерге салмақ түсіп отыр. Жапония Дәрігерлер одағының ескертуінше, Олимпиадада әлемнің 200 елінен 15 мыңдай спортшы, журналист, ресми өкіл, демеушілер келіп, вакциналанбаған жапондықтармен араласса, «ковид» инфекциясы кең тарап, «Токио варианты» деген ұғым пайда болуы мүмкін. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, Қытайдың екінші вакцинасы «Синовакты» қолдануға рұқсат берді. Оның тиімділігі 51 пайыз. Бұған дейін аталған ұйым бұл мемлекеттің фармацевтикалық компаниясы шығарған «Синофарм» екпесін де мақұлдағаны белгілі.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу