Қырғызстанда шекара маңындағы тұрғындарға қару қолдануға рұқсат берілуі мүмкін
Қырғызстанда шекаралық аймақ тұрғындарына қару жарақ қолдануға рұқсат берілуі мүмкін. Тиісті заң жобасын депутаттар қоғам талқылауына ұсынды. Олардың пікірінше азаматтарға осындай құқық беру керек. Мұндай өзгерістер елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қол сұғу фактілерін алдын алуға және шекараны қорғап қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Шекаралық уәкілдер туралы заң 2015 жылдан бастап қолданыста. Заңға сәйкес, шекара маңындағы аудан тұрғындарына шекара уәкілдері деген мәртебе берілген. Олар Шекара қызметіне ақпараттық қолдау көрсетеді. Бүгінде Қырғызстанда 140 шекара уәкілі бар. Соңғы бес жылда зардап шеккендер немесе жараланғандар болған жоқ.
Кубанычбек Таабалдиев, Қырғызстанның «Кабар» ұлттық ақпараттық агенттігінің бас директоры:
Оның ішінде көптеген талаптар қойылады. психологиялық жақтан саяси жақтан түсінігі барлығы болып жатқан істерге адекватты жауап беретін адамдарға құрал-жарақ беріледі. Құрал-жарақ олардың үйінде болмайды. Шекарада атышулы жағдай болса ғана олар казармадан келіп алып кетеді.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15