Мәйітті жерлеуге қатысты қаулы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәйітті жерлеуге қатысты қаулы өзгерді

24.05.2021

Мәйітті жерлеуге қатысты қаулы өзгерді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің талабына сәйкес, сумен жабдықтау және минералды аймақтардың айналасына, курорттар маңына, су басқан аумақ, тасқынның астында қалған жерлер, тұрмыстық шаруашылыққа қажетті және басқа да мәдени-сауықтыру үшін пайдаланатын І және ІІ санаттағы су айдындарының маңына, сібір жарасы тіркелген аумақтарда адам жерлеуге болмайды. Зираттың арақшықтығы тұрғын-үй, қоғамдық нысан, спорттық сауықтыру орындары мен курорттық аймақтардан 300 метр қашықтықта орналасу керек. Ал халықты ауыз сумен жабдықтау аймағына дейін 1000 метр қашықтықта болуы тиіс. Этиологиясы белгісіз инфекциялардан және аса қауіпті жұқпалы аурулардан қайтыс болған адамдар мырышталған, герметикалық дәнекерленген табыттарға салынып жерленеді. Жерлеген адамдар мен тасымалдаған көліктің дезинфекциялануы маңызды.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу