Үндістанда пандемия күшейсе де ұлттық карантин жарияланбай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда пандемия күшейсе де ұлттық карантин жарияланбай отыр

05.05.2021

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар 20 миллионнан асса да жалпұлттық карантин жарияланбады. Премьер-министр Нарендра Моди үкіметі экономиканы күйретеді деген қауіппен локдауннан қайта-қайта бас тартып жатыр.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Үндістанда «ковидтан» 220 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бірақ, ресми статистикаға көпшілік сенбейді. Себебі, крематорийлер вирус құрбандарының мәйіттерін өртеп үлгере алмай жатыр.

Айта кетсек, сәуірдің 30-да бұл мемлекетте Covid-19 диагнозы 402 мың адамға қойылды. Ал, өткен тәулікте бұл сан 355 мыңға дейін азайған.

Пандемияның зардабын азайту үшін көптеген штаттар толық карантиннен бастап, коменданттық сағатқа дейінгі түрлі шектеу шараларын енгізіп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу