Биыл Чернобыль ядролық апатына 35 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Чернобыль ядролық апатына 35 жыл толды

27.04.2021

Украинада Чернобыль ядролық апатының 35 жылдығында құрбандарды еске алу рәсімі өтті.

Оған үкімет өкілдері мен президент Владимир Зеленский қатысып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Айта кетсек, бұл апаттың өзінен 31 жұмысшы мерт болса, кейін радиациямен байланысты түрлі аурулардан мыңдаған адам қайтыс болды. Сонымен қатар, Шығыс Еуропаның айтарлықтай бөлігі уланды.

Чернобыль атом электр станциясында жойқын жарылыс 1986 жылы сәуірдің 26-да болды. Соның кесірінен атомосфераға радиоактивтік материал тарап, ондаған мың адам көшірілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, апаттың зардабын жоюға Кеңес одағының түкпір-түкіпірінен жарты миллиондай азаматтық және әскери персонал тартылған.

Бұл оқиғаны әлем жұрты радиация Швецияға жеткенде ғана білді. Қазір АЭС қызмет етпей тұр. Ал ондағы төрт реакторды бұзу жұмыстары 2064 жылы аяқталуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу