Еуропа Одағы AstraZeneca компаниясын сотқа берді
Еуропа Одағының 27 мемлекеті AstraZeneca компаниясын сотқа берді. Себебі бұл англо-шведтік фармацевтикалық фирма вакцинамен қамтамасыз ету туралы келісімшартты орындамай, екпелерді дер кезінде жеткізу жоспарын да сенімді жасамаған. Мұны Еуропа комиссиясы дүйсенбі күні хабарлады.
Биыл бірінші тоқсанда Еуропа одағы AstraZeneca-дан 30 миллион дозаға жетпейтін вакцина алды. Бұл уәде етілген көлемнен 40 пайызға аз. Ал, екінші тоқсанда аймаққа 70 миллион доза жіберілуі керек. Бұл да жоспардағы көрсеткіштен 60 пайызға кем. Осыған қарамастан, одақ ересек тұрғындарының 70 пайызына жазға дейін ең болмаса бір доза салудан үмітті. AstraZeneca болса, өндірістегі проблемаларға байланысты келісімді орындай алмағанын мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21