Үндістанда бір тәулікте 350 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда бір тәулікте 350 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

26.04.2021

Үндістан коронавирус дауылына тап болды. Сондықтан, жергілікті халық барынша сақ болып, жаппай вакцина алуы керек. Мұны премьер-министр Нарендра Моди мәлімдеді.

Айта кетсек, өткен тәулікте Үндістанда 350 мыңға жуық адамнан коронавирус табылып, осы инфекциядан 2760-тан астамы қайтыс болды.

Науқастарға госпитальдерде орын ғана емес, оттегі де жетпей жатыр. Ал, қара базарда өкпені желдетуге қолданылатын цилиндрлердің бағасы 10 есеге қымбаттап кеткен.

Қазір Моди үкіметі жыл басында күніне 10 мың адамнан ғана ковид табылып жатқанда, ірі саяси және діни жиындарға рұқсат бергені үшін үлкен сынға ұшырап отыр.

Делиге АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия көмек көрсететіндерін жариялады. Олар Үндістанға вакцина жасайтын материалдар, дәрі-дәрмек, вирустан қорғайтын және диагностикалық құралдар жібермек. 

Болжамдарға қарағанда, Үндістанда пандемияның екінші толқыны мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетеді. Сол кезде тәулігіне коронавирустың жергілікті жаңа вариантын жұқтырғандар саны жарты миллионнан асып кетуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

үндістан коронавирус вакцина

Хабарламаларға жазылу