Үндістанда бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды

22.04.2021

Үндістан оттегі дағдарысына тап болды. Сол үшін жергілікті үкімет үлкен сынға ұшырап отыр. Билік фабрикалардан ауруханаларға өкпе желдететін құралдарды дер кезінде жеткізе алмай жатқандықтан, ел госпитальдерінде талай адам қайтыс болды. 

Премьер-министр Нарендра Моди пандемияның екінші толқынын «коронавирус дауылы» деп атады. Соңғы 24 сағаттың өзінде Үндістанда 300 мыңға жуық адам «ковид» жұқтырып, 2 мыңнан астамы қаза тапқан. Ал, батыстағы Нашик қаласында оттегі танкерден далаға тарағандықтан, госпитальде жатқан 22 коронавирус пациенті дем жетпей жан тәсілім етті.

Жалпы алғанда, Үндістанда бұл инфекция 15 миллион адамнан табылып, 180 мыңнан астамы құрбан болды. Эпидемия өршігендіктен, үнді басшылығы мамырдың 1-нен бастап жасы 18-ден асқандарды жаппай вакциналауға кірісейін деп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу