Қырғызстанда халықтың басым бөлігі Президенттің билігін кеңейтуге дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда халықтың басым бөлігі Президенттің билігін кеңейтуге дауыс берді

12.04.2021

Қырғызстанда жексенбі күні өткен референдумда халықтың көпшілігі президенттің билігін кеңейтуге дауыс берді. Осылайша, елдің саяси жүйесі Қазақстан мен Өзбекстанның басқару жүйесіне ұқсайын деп отыр.  

Мемлекет басшысы Садыр Жапаров мен оның жақтастарының ойынша, президент рөлінің күшеюі 2005, 2010, 2020 жылдардағы зорлық-зомбылық пен революциялардан кейін республика тұрақтылығын нығайтуға көмектеседі. 

Бюллетендердің 75 пайызы саналып болғаннан кейінгі қорытындығына қарағанда, азаматтардың 79 пайызы реформаны қолдаған. Дегенмен, дауыс беруге құқығы бар адамдардың 30 пайызы ғана плебицитке қатысты. 

Социологиялық зерттеулерге жүгінсек, былтыр Сооронбай Жээнбеков билігі тұсында қырғызстандықтардың 41 пайызы елдің ұстанған бағыты дұрыс десе, өткен айда мұндай көзқарастағы тұрғындардың қатары 70 пайызға жеткен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу