Германия бүгіннен бастап AstraZeneca вакцинасын 60 жастағылар мен одан асқандарға егуді шектейді. Мұны канцлер Ангела Меркель Берлинде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұндай шешімді 16 федералдық жер қабылдаған. Оксфорд университеті жасаған екпенің қанды ұйыту оқиғалары сирек болса да, кездесіп отыр. «Сондықтан, бұл вакцинаға сенім керек», - дейді неміс үкіметінің жетекшісі.
Ал, Иранда Наурыз мерекесінен кейін пандемия қайта күшейді. Өткен тәулікте Ислам Республикасында 10 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. Бұл – соңғы үш айдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Пандемияның төртінші толқыны елдің батыс және орталық аймақтарында өршіп отыр.
Иранда Наурыз екі апта тойланып, халықтың көбі биліктің үйде қалу талабын орындамаған. Айта кетсек, бұл мемлекетте «ковид» диагнозы 2 миллионға жуық адамға қойылып, осы инфекциядан 62 мыңнан астамы қайтыс болды.
Арыстан Рысбек