Депутат вакцинациялау жұмыстарын сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат вакцинациялау жұмыстарын сынға алды

31.03.2021

Халық коронавирусқа қарсы вакцинаны қайдан алатынын білмей жүр. Бүгін осылай деген Мәжіліс депутаты екпе егу жұмыстарының өте баяу жүріп жатқанын айтып, Үкімет басшысына сауал жолдады. Ирина Унжакованың айтуынша Ұлыбритания, Израиль, Словакия, Сербия секілді елдерде азаматтардың жартысынан 90 пайызына дейін екпе алып үлгерді. Ал бізде екі ай ішінде 130 мыңнан аса адамға вакцина салынған. Бұл халықтың небары 0,7 пайызы. Бұлай жалғасса, екпе егу жұмыстары 15 жылға дейін соызылып кетуі мүмкін дейді депутат. Істі шапшаңдатуды сұраған ол түсіндіру жұмыстарын жандандырып, вакцина жеткізудің жоспарын, екпе егу кестесі мен оның пунктері қайда орналасқаны жайында мәліметтерді жария ету керек дейді.

Ирина Унжакова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Кеше Денсаулық сақтау министрі халықты екпе алуға шақырды. Бірақ қайда барып вакцина алуға болатынын ел білмейді. Себебі өңірлердегі емханаларда вакцина жоқ. Министрлік шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдауы керек. Әйтпесе өткен жаздағыдай пандемиямен күреске дайын болмай қалуымыз мүмкін.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу