Иранға жақтас содырлар Сауд Арабиясындағы авиабазаға 10 зымыран жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранға жақтас содырлар Сауд Арабиясындағы авиабазаға 10 зымыран жіберді

04.03.2021

Йемендегі шиит-хуситтер бүгін Сауд Арабиясының «Арамко» мұнай компаниясының Джидда қаласындағы нысандарына зымыран жіберді. Сонымен қатар, Ирактағы Иранға жақтас содырлар да америкалық әскерлер шоғырланған Айн әл-Асад авиабазасына 10 ракета атқан. Бұл шабуыл АҚШ Тегеранның Сириядағы одақтастарна соққы бергеннен кейін бір апта өткенде және Бағдадқа Рим Папасы Франциск барардан екі күн бұрын жасалып отыр. Ираншыл қарулы топтарға сенсек, америкалық үш сарбаз мерт болды. Бірақ, Пентагон базада сол күні жүрек талмасынан 1 жауынгердің қаза тапқанын ғана хабарлап отыр.

Осы оқиғаға қарамастан католиктік шіркеу басшысы – 84 жастағы понтифик Иракта наурыздың 5-8 күндері қарулы топтар қудалаған сан мың христианмен кездесуді жоспарлап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу