Қайғылы жағдай сенбі күні Пригородный кенті маңындағы Нұра-Есіл арнасында болған. Жасөспірім қыздар небәрі 11-12 жаста еді. Құтқарушылардың айтуынша, бұл жер кілем жууға арналмаған. Ал, өткен аптада дәл осы жерде 4 бірдей бала суға батқан. Жалпы, шомылу маусымы басталғалы елордада 12 адам суға батып, ажал құшқан. Олардың жетеуі - бала. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мұндай жағдайлардың алдын алу үшін азаматтарды қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.
Аягөз Фазылова, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Бұл жерлердің барлығында суға шомылуға болмайды деген белгілер бар. Белгілерді сындырып, лақтырып тастаған. Біз бұл жерлерде рейд өткізіп жатырмыз. Адамдар селқостық танытып жатқандықтан, осындай оқиғалар орын алып жатыр.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ