ОҚО-да жүк көлігіне шабуыл жасады
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш-Шардара тас жолының бойында қарақшылар тобы жүк көлігіне шабуыл жасады. Бетперде киген олар жүргізушілерді қарумен қорқытып, 1 миллион теңгеден астам ақшасын алып кеткен. Жәбірленушілердің бірі жарақаттанып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Сарыағаш аудандық Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіруі нәтижесінде екі күдікті азамат ұсталды. 25 жастағы жігіттер сол жердің жергілікті азаматтары екені анықталды. Тергеу барысында қарақшылық топтың тағы үшінші мүшесі болғаны белгілі болды. Полицейлер енді күдіктілердің сыбайласын іздеуге кірісті. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21