Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасы құрылады
Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылды. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдау және оны 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу сот жүйесінің жұмысына түзетулер енгізуді талап етеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және облыстық соттардың «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда белгіленген қолданыстағы құрылымы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің міндеттеріне толық көлемде жауап бермейді», - дейді депутат Қанат Мусин.
Айтуынша, Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылады. Қазіргі мамандандырылған сот алқасы таратылады. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары болады. Бұл шара сот жүйесіне өңірлерде істердің бөлінуіне байланысты үнемі өзгеріп отыратын жағдайға жедел ден қоюға мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда классикалық музыка кеші өтті
13.11.2026, 14:15
«Пиноккио» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
13.11.2026, 14:14
Өскеменде электромобиль мамандарын оқытатын шеберхана ашылды
13.11.2026, 14:12
Петропавлда жедел жәрдем стансасы салынады
13.11.2026, 14:10
Нью-Дели әлемдегі ең лас қала атанды
13.11.2026, 14:08
Түркияда әскери тікұшақ құлады
13.11.2026, 14:07
Жолдауда көтерілген әлеуметтік мәселелердің маңызы зор
13.11.2026, 14:05
Мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқару мәселесі талқыланды
13.11.2026, 14:04