Францияда 117 жасқа толатын әжей туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда 117 жасқа толатын әжей туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді

10.02.2021

Францияда ертең 117 жасқа толатын әйел коронавирустан аман қалды. Еуропаның ең қарт адамы Люсиль Рэндонға Covid-19 диагнозы қаңтардың 16-да қойылған. Қауіпті инфекцияның симптомсыз түрін жұқтырған монахиня содан кейін өзгелерден моқшауланды. «Өлуден қорықпағандықтан, вирустан да қорықпадым», - дейді Рэндон.

Ал, Жапонияда халықты вакциналау науқаны келесі аптаның ортасында басталады. Мұны бүгін осы елдің премьер-министрі Ёсихидэ Суга үкімет отырысында мәлімдеді. 

Айта кетсек, бұған дейін Жапония өзінің 126 миллион тұрғыны үшін «Файзер», «Модерна», «Астра-Зенека» вакциналарының 314 миллион данасына тапсырыс берген.

«Рейтердің» мәліметінше, бүгін планета бойынша «ковид» жұқтырғандар 107 миллионға, ал одан қайтыс болғандар 2 миллион 340 мыңға жақындап қалды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу