Өткен тәулікте 1003 адам індетке шалдыққан
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа қайта оралды. Өткен тәулікте шаһарда 75 адамнан коронавирус анықталды.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметіне сәйкес елордамен қатар Ақмола, Павлодар облыстары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта. Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта тұр.
Вирустың таралуына келсек, кеше бір күнде 1003 адам індетке шалдығып, 850-ге жуық адам аурудан жазылып шыққан. Сондай-ақ, 18 адамнан вирусты пневмония анықталып, бір күнде 5 науқас қайтыс болды. Жалпы қазіргі уақытта елімізде 27 мыңнан астам адам ковидтан емделіп жатыр.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09